16
март
2020
"Қызғалдақ" ұыздар ұйымы


«Қызғалдақ” қыздар ұйымының 2019 жылдың 25 қыркүйек күні «Қызғалдақ» қыздар ұйымы биылғы оқу жылындағы өзінің алғашқы жиналысын өткізді. Биылғы жылы ұйым мүшелерінің саны біршама артқанын атап өтуге болады. Жиын барысында ұйымның жаңа мүшелерімен танысу жүргізілді және алдағы оқу жылында өткізілетін іс-шаралар бойынша жоспар құрылды. Алдағы іс- шаралар ұйым мүшелерімен бірге талқыланып, қыздар өз пікірлерін білдірді. Қыздарды қол өнерге баулу, шаш, бет күтімі, сән өнерін үйрену, дәстүрге айналған жетімдерге қайырымдылық акциясы, қыз сыны т.б. шаралары жоспарланды. Келесі кездесу қыз балалардың шаш күтімі мен оны сәндеудің түрлі үлгілері және бет терісінің дұрыс күтімі жайында болмақ. Сонымен қатар, жиналыс барысында ұйымның лауазымды мүшелері мен тұрақты хатшысы тағайындалды.